back to top

ШҚО-да жылыту маусымы қалыпты деңгейде өтіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Глубокое ауданы мен Риддер қаласына барып, жылыту маусымының өту барысын бақылады. Әуелі Белоусовка кентіндегі «Востокэнерго» ЖШС-ның жылу қазандығының жұмысымен танысты. Ол 43 көппәтерлі үйді тұрақты жылумен қамтамасыз етіп тұр. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы — 15,8 шақырым. Қазандықтың орнатылған жылу қуаты — 72,5 Гкал/сағ. Аймақ басшысы өз сөзінде аязды күндері халықты жылумен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Одан соң Риддердегі «SHNET» ЖШС қазандықтарының жұмысын көрді. Мұндағы №3 және 6 қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізілген. Сондай-ақ №4, 5 және 6 қазандықтардың күл шығару арналарының металл құрылымдары жаңартылған.

Ал «Шығыс Жылу» АҚ балансындағы жылу электр орталығында жылыту маусымына орай жоспарланған жұмыстардың жалпы орындалу деңгейі 100 пайызды құрайды. №1, 2, 4 және 5 қазандық агрегаттары ағымдағы жөндеуден өтті. №3 және №6 қазандықтарды күрделі жөндеу толық аяқталды.
Жылу желілерін жөндеу бойынша жұмыстардың жалпы орындалу деңгейі – 99 пайыз. Жобаға төрт мердігер ұйым тартылған.

Қазіргі уақытта орталықтағы көмір қоры 23 155 тоннаны құрайды, бұл 25 тәулікке жетеді. Көмірдің тәуліктік шығыны — 900 тонна. Мазут қоры — 550 тоннадан асады. «Қаражыра» АҚ-мен қаңтар айына жоспарланған көмір жеткізу көлемі — 35 000 тонна. Желтоқсан айында көмірдің нақты жеткізілуі 27 мыңға жуық тоннаны құрады. Осы сәтте №1, 2, 3, 5 қазандықтар және №1 турбоагрегат жұмыс істеп тұр.

Новые статьи

00:00:35

Огнеборцы области Абай тушат пожар в развлекательном центре «Бала Парк»

3 марта 2026 года в 19:10 на канал «102» поступило сообщение о возгорании в детском развлекательном центре «Бала Парк», расположенном в городе Семей области...

Продолжается вывоз казахстанцев из стран Ближнего Востока

Министерство транспорта Республики Казахстан совместно с государственными органами и авиаперевозчиками продолжает работу по вывозу граждан Казахстана из стран Ближнего Востока. 3 марта авиакомпания Flydubai выполнила...

Строительство моста через Убу в Шемонаихинском районе начнется уже в этом году

В Восточном Казахстане начинается реализация одного из ключевых инфраструктурных проектов региона - строительства нового моста через реку Уба. Об этом сегодня говорил аким области...

Техническое образование Казахстана — драйвер новой индустрии

В условиях, когда мировая экономика радикально трансформирует рынок труда, система технического и профессионального образования становится ключевой опорой высокотехнологичной экономики. Казахстан реализует системные и масштабные...