ШҚО-да жедел жәрдем қызметкерлеріне 36 жаңа автокөлік алынды

Шығыс Қазақстан облысының жедел медициналық жәрдем қызметі 36 жаңа заманауи автокөлікпен толықты. Бұл техника жақын арада облыстың қалалары мен аудандарында кезекшілікке шығады.

Автопаркке С класындағы 4 реанимобиль және В класты 32 автокөлік жеткізілді. Барлық көлік заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтылған және тәулік бойы жұмыс істеуге дайын. Олар шұғыл шақыртуларға барумен қатар, ауыр хәлдегі науқастарды тасымалдауға да мүмкіндік береді.

Автопарктің жаңаруы жедел жәрдем бригадаларының шақыртуға жету уақытын қысқартып, қызметтің мобильділігін арттыруға және ауылдар мен шалғай елді мекендерде медицина қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға жол ашады.

Айта кетейік, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркі соңғы рет осындай ауқымда 2020 жылы жаңартылған болатын.

Жаңа көліктердің кілттерін бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудандық жедел жәрдем бөлімшелерінің жүргізушілеріне салтанатты түрде табыстады. Өйткені дәл осы жандар күн сайын медициналық бригадалардың жедел әрі қауіпсіз қызметін қамтамасыз етіп келеді.

Жаңа жедел жәрдем көліктері Алтай, Глубокое, Зайсан, Үлкен Нарын, Катонқарағай, Күршім, Марқакөл, Самар, Тарбағатай, Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласындағы бөлімшелерге берілді.

— Жедел жәрдем қызметкерлері күн сайын 600-ге дейін шақыртуға шығып, диспетчерлер мыңға жуық қоңырау қабылдайды. Әр санның артында — адам тағдыры, көмекке деген үміт бар. Жаңа автокөліктер медицина қызметкерлеріне науқастарға жедел жетуге, қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда жұмыс істеуге және ең бастысы, адам өмірін құтқаруға мүмкіндік береді, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

Женская сборная Казахстана второй раз подряд завоевала серебро Шахматной олимпиады

Женская сборная Казахстана завершила 46-ю Шахматную олимпиаду без командных поражений и второй раз подряд стала серебряным призером турнира. Соревнования проходили с 16 по 27...

В Казахстане к 2029 году планируют довести число качественных рабочих мест до 3,8 млн

Во втором квартале 2026 года в Казахстане были заняты 9,4 млн человек, уровень безработицы составил 4,5%. При этом государственная политика в сфере занятости ориентирована...

В Казахстане на поддержку агропромышленного комплекса направляют инвестиции в новые производства

Эффективность государственной поддержки агропромышленного комплекса должна оцениваться по конкретному экономическому результату для сельхозтоваропроизводителей и экономики. Об этом заявил председатель Общественного совета по вопросам развития...

В Казахстане с начала года изъяли более 1 700 единиц криминального оружия

С начала 2026 года полиция Казахстана изъяла из незаконного оборота свыше 1 700 единиц оружия и почти 12 тыс. боеприпасов. Борьба с незаконным оборотом...