ШҚО-да биыл 300-ден астам шақырым сумен жабдықтау және суды бұру желілері қайта жаңғыртылады

Өңірдегі инженерлік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту мақсатында бірінші кезекте коммуналдық желілердің ең тозған әрі апатты учаскелерін ауыстыру бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

— Өткен жылдың қорытындысы бойынша су құбыры желілерінің тозу деңгейі 47%-ға, кәріз желілері бойынша 69%-ға дейін төмендетілді. Жалпы алғанда сумен жабдықтау және суды бұру желілерінің 358 шақырымнан астамы қайта жаңартылып, салынды. 2026 жылы 309 шақырым сумен жабдықтау және суды бұру желілерін қайта жаңғырту жоспарланып отыр, — деді аймақ басшысы.

Бұл су құбыры желілерінің тозуын 45%-ға, ал су бұру желілері бойынша 67%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар өңірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты толықтай сапалы ауызсумен қамту жөніндегі тапсырмасы орындалды. 2025 жылы соңғы 8 жоба аяқталып, Шығыс Қазақстан тұрғындарының ауызсумен қамтылуы 100%-ға жеткізілді.

Бұл облыста жүргізіліп келе жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі. Атап айтқанда, 2021 жылдан бері 60 жоба аяқталып, 112 шағын елді мекенде кешенді блокты-модульдік қондырғылар орнатылды. 1 мың шақырымнан астам су құбыры желілері салынды және қайта жаңғыртылды. Осылайша, 48 мың аймақ тұрғыны сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді.

Новые статьи

В финале соревнований отечественные спортсмены вырвали победу у соперников из Кореи

Мужская сборная Казахстана по фехтованию на шпаге завоевала золотую медаль XX летних Азиатских игр в Аичи–Нагое (Япония). В финале командных соревнований казахстанские шпажисты встретились со...

Восточный Казахстан может принять международный форум по Иртышу в 2027 году

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов предлагает провести очередной форум по Иртышу в 2027 году на площадке региона. Инициативу он озвучил во время второго Международного...

ВКО предлагает учитывать нерестилища при развитии судоходства на Иртыше

Восточный Казахстан предлагает планировать дноуглубительные работы на Иртыше с учётом научных исследований и экологического мониторинга. Особое внимание – участкам, где развитие судоходства пересекается с...

ВКО рассматривает обновление речного флота с предприятиями России и Китая

Восточно-Казахстанская область изучает возможности обновления пассажирского речного флота в сотрудничестве с российскими и китайскими судостроительными предприятиями. Перспективы пассажирского сообщения и туристических маршрутов обозначил в...