back to top

ШҚО әкімі Зайсан ауданындағы әуежай құрылысы барысымен танысты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапары аясында Зайсан ауданындағы бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралады. Сәтбай ауылында салынып жатқан ұшу-қону жолағы бар әуежайдың құрылыс алаңында болды.

Жоба өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Сапар барысында Нұрымбет Сақтағанов болашақ инфрақұрылымның негізгі элементтерімен танысты. Атап айтқанда, ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағы, салынып жатқан жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайтын аэровокзал ғимараты және аэродром кешенінің өзге де нысандары көрсетілді.
Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде алдағы уақытта Қытайдың Үрімші қаласына, Алтай аймағына халықаралық әуе рейстерін және Астана, Алматы және Өскемен қалаларына ішкі әуе қатынастарын ашу көзделіп отыр. Әуежай өңірлік санаттағы әуе кемелерін қабылдай алатын болады.

Сонымен қатар облыс әкімі жұмыс сапары барысында Жарсу ауылында ашылған спорт модуліне барды. Нысан Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы бойынша бой көтерген.
Спорт модулінің ғимараты бірқабатты. Оның құрамына ангар типтес спорт залы мен әкімшілік-тұрмыстық блок кіреді. Нысан спорт ойындарымен және күреспен айналысуға арналған. Спорттық кешеннің бір ауысымдағы өткізу қабілеті — 28 адам, ал тәулігіне жалпы 84 адамға дейін қызмет көрсете алады.

Модульде киім ауыстыратын бөлмелер, душ, санитарлық және қосалқы үй-жайлар қарастырылған. Мұндай жобаларды жүзеге асыру Зайсан ауданындағы көлік, спорт және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Новые статьи

Аэропорт в Зайсанском районе ВКО позволит совершать рейсы в Канас и Урумчи

Сегодня аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов с  рабочей поездкой посетил Зайсанский район, где ознакомился с реализацией ключевых инфраструктурных и социальных проектов, а также встретился...

Тарбағатайда дәрігерге жала жапқан зейнеткерге айыппұл салынды

Аудандық соттың мәліметінше, ауыл тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі топта Тарбағатай аудандық аурухананың бас дәрігерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқан. Сот барысында әйел адам...

Өскемендегі Есенберлин даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі

Облыс орталығындағы Есенберлин даңғылындағы көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелін салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болып отыр. Шектеулер 11 қаңтар күні сағат...

ШҚО-да тәртіп сақшылары қарызын қайтармай жүрген 50-ден астам адамды іздеп тапты

Өскемен қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметінің мамандары қарызын төлемей жүрген 55 жастағы тұрғынды анықтады. - Ер адам 2025 жылдың маусым айынан бері Өскеменнің басқа бір...