back to top

ШҚО-да тәртіп сақшылары қарызын қайтармай жүрген 50-ден астам адамды іздеп тапты

Өскемен қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметінің мамандары қарызын төлемей жүрген 55 жастағы тұрғынды анықтады.

— Ер адам 2025 жылдың маусым айынан бері Өскеменнің басқа бір тұрғынына қарызын төлеуден жалтарып келген. Шағым сомасы қомақты — 2,5 миллион теңге. Жедел іс-шаралар барысында борышкердің нақты жүрген жері анықталды. Енді барлық соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін іске сот орындаушылары кіріседі, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер қарызын қайтармай жүрген осындай 50-ден астам адамды іздеп тапты.

Новые статьи

ШҚО әкімі Зайсан ауданындағы әуежай құрылысы барысымен танысты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапары аясында Зайсан ауданындағы бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралады. Сәтбай ауылында салынып жатқан ұшу-қону жолағы бар әуежайдың...

Аэропорт в Зайсанском районе ВКО позволит совершать рейсы в Канас и Урумчи

Сегодня аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов с  рабочей поездкой посетил Зайсанский район, где ознакомился с реализацией ключевых инфраструктурных и социальных проектов, а также встретился...

Тарбағатайда дәрігерге жала жапқан зейнеткерге айыппұл салынды

Аудандық соттың мәліметінше, ауыл тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі топта Тарбағатай аудандық аурухананың бас дәрігерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқан. Сот барысында әйел адам...

Өскемендегі Есенберлин даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі

Облыс орталығындағы Есенберлин даңғылындағы көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелін салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болып отыр. Шектеулер 11 қаңтар күні сағат...