Өскемен қаласындағы Ахмер кентінде №426 патрульдік полиция экипажына әйел адам көмек сұрап жүгінген. Ол өзінің 13 жасар ұлының абайсызда аяғын кесіп алғанын, жарақаттан қан кетіп жатқандықтан, шұғыл медициналық көмек қажет екенін айтқан.
— Полиция аға лейтенанты Абай Асқарұлы мен полиция лейтенанты Мирас Мұратбеков жағдайды жедел бағалап, баланы ауруханаға дереу жеткізу туралы шешім қабылдаған. Патрульдік экипаж жолда ешқандай кідіріссіз, Ана мен бала орталығына дейін жылдам әрі қауіпсіз жетті, — делінген ақпаратта.
Ауруханаға келген бойда көмек көрсету үшін жеткіншек білікті дәрігерлерге тапсырылды. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында медициналық көмек дер кезінде көрсетілді.

