Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2026 жылдың алғашқы 4 күнінде 50-ден астам нәресте дүниеге келді. Оның ішіндегі 27 ұл және 27 қыз.
— Дәрігерлер жаңа жыл кезінде де, одан кейінгі мереке күндерінде де әдеттегідей үздіксіз жұмыс істеді. 1 қаңтар сағат 00:00-ден 2 қаңтарға дейінгі аралықта 12 баланың кіндігі кесілген. Оның ішіндегі 8-і ұл және 4-і қыз. Ал 2 қаңтардан 4 қаңтарға дейін 19 ұл және 23 қыз бала туып, жалпы 42 нәресте дүниеге келді, — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ 1-4 қаңтар аралығында жедел жәрдемге 300-ден астам адам жүгінген.
270 адам көшеде, 69 адам үйде түрлі жарақат алды. Екі азамат жол-көлік оқиғасынан, ал алты адам петардадан жараланған.

