back to top

ШҚО құтқарушылары мұз астына құлап кеткен жағдайда не істеу керектігін түсіндірді

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар облыстың балық аулау орындарында рейдтерді күшейтті.

Олар балықшыларға жұқа мұзға шығудың қауіптілігін, өздерімен бірге балық аулау құралдарын ғана емес, құтқару кеудешелерін, ысқырық пен арқан алып жүру керектігін ескертіп жатыр.

— Ауа райы құбылып тұрған кезде мұз үсті ерекше қауіпті. Ешбір жағдайда қараңғыда мұзға шығуға болмайды. Өңір бойынша мұздағы қауіпсіздік шараларын бұзған 31 адам ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген ақпаратта.

Ал егер мұз астына құлап кетсеңіз:

  • Үрейленбеңіз. Оқыс қимыл жасамаңыз, деміңізді тұрақтандырыңыз.
  • Қолдарыңызды екі жаққа кеңірек созып, денеңізге ағыс бағытында көлденең позиция беріп, мұздың шетіне ілінуге тырысыңыз.
  • Кеудеңізді мұздың шетіне ақырын қойып көріңіз және бір аяғыңызды, содан кейін екінші аяғыңызды мұзға лақтырыңыз.
  • Егер мұз сынбаса, баяу жорғалаңыз немесе жағаға қарай домалаңыз.
  • Қай жақтан келдіңіз сол жаққа қарай жылжыңыз, өйткені ондағы мұздың беріктігі тексерілген.

Новые статьи

В ВКО стартует праздничная акция «Nauryz Sale»

С 13 по 23 марта в Казахстане пройдет республиканская акция «Nauryz Sale», приуроченная к празднованию Наурыз. В торговых сетях покупателям предложат скидки на продовольственные...

В Риддере пройдет юношеский чемпионат РК по биатлону

С 11 по 18 марта на базе КГУ «ОСШИКОР, г. Риддер» пройдет юношеский чемпионат Республики Казахстан по биатлону. Соревнования собрали сильнейших молодых атлетов страны...

В Восточном Казахстане для подготовки к паводкам задействовали более 3600 спасателей и сотни единиц техники

В Восточно-Казахстанской области усилили подготовку к весеннему паводковому периоду и одновременно приняли дополнительные меры по обеспечению пожарной безопасности. Эти вопросы были рассмотрены на совещании...

МВД: Владельцам возвращено около 500 голов сельскохозяйственных животных

Министерством внутренних дел в целях обеспечения общественной безопасности и защиты имущества граждан с 3 по 5 марта проведено широкомасштабное оперативно-профилактическое мероприятие "Скотокрад". За три дня...