ШҚО полицейлері жаңажылдық мереке күндерінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жаңа жыл мерекелері қарсаңында демалыс күндерінің тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Жол қозғалысы қағидаларын сақтау

Мерекелік іс-шаралар кезінде жол қозғалысының қарқыны артады. Жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген жерлерден және бағдаршамның рұқсат етілген түсінен ғана өтуін сұраймыз. Жүргізушілер аса мұқият болып, жылдамдық режимін қатаң сақтауы, көлік құралын мас күйде басқармауы және ауа райы жағдайларын ескеруі қажет.

Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану

Тек сертификатталған пиротехникалық бұйымдарды қолданып, өндірушінің нұсқаулығын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз. Тұрғын үйлердің, автокөліктердің, ағаштардың және электр желілерінің маңында отшашулар мен петардаларды атуға тыйым салынады. Пиротехникалық бұйымдарды балаларға беруге және жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі

Заң талаптарына сәйкес, 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта, яғни сағат 23:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде және қоғамдық орындарда жүруіне жол берілмейді. Ата-аналардан балалардың бос уақытын бақылап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраймыз.
Жаңа жыл түніндегі қауіпсіздік
Баршаңызды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырамыз: жанған шамдарды, гирляндаларды және электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыздар. Тек жарамды электр бұйымдарын пайдаланыңыздар. Бұқаралық іс-шаралар кезінде балаларды және жеке заттарыңызды қадағалаңыздар.
Жаңа жыл мерекелері қауіпсіз өтіп, тек жағымды әсер мен қуаныш сыйласын!

Новые статьи

Туроператоры ВКО готовы взяться за маршруты по четырём странам Большого Алтая

На III заседании Экономического совета регионов Большого Алтая предложили создать трансграничные туристические маршруты, которые объединят Восточный Казахстан, Республику Алтай, Монголию и Китай. Председатель совета...

Большой Алтай готовит предложения по промышленности, туризму и транспорту для четырех стран

На III заседании Экономического совета регионов Большого Алтая в Усть-Каменогорске представители Казахстана, России, Китая и Монголии обсудили торговлю, транспортные связи, совместные производства и трансграничный...

Туристам, идущим на Белуху, хотят решить вопрос с переходом границы

Туристам, которые планируют восхождение на Белуху, нужен решённый вопрос с переходом границы между Казахстаном и Россией. Об этом на III заседании Экономического совета регионов...

Международный фестиваль «Большой Алтай» пройдёт в ВКО в 2027 году

В августе 2027 года Восточно-Казахстанская область примет Международный фестиваль туризма и спорта в природной среде «Большой Алтай». Первую поездку в регион организаторы планируют уже...