back to top

ШҚО-дағы көшкін қаупі бар тау бөктеріндегі қар қалыңдығы тексерілді

Шығыс Қазақстан облысында «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары қар көшкіні қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізді.

Алтай ауданындағы бес, Катонқарағай ауданындағы төрт қар көшкіні қаупі бар учаскелерге визуалды тексеру жүргізілді. Соның барысында Алтай ауданындағы тау бөктерінде қар қалыңдығы 80 см-ге дейін, ал Катонқарағай ауданында 50 см-ге дейін жеткені анықталды.

— Жұмыстың маңызды бөлігі ретінде қар жамылғысының тұрақтылығын дәл бағалауға мүмкіндік берген стратиграфиялық бақылаулар жүргізілді. Қазіргі уақытта аталған аудандардағы қар көшкіні жағдайы тұрақты. Сонымен қатар мамандар қар көшкіні қаупі бар учаскелердің маңынан өтетін немесе көлікпен қатынайтын азаматтарға барынша сақ болуды ескертіп жатыр, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылар халықты таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Қар жауып тұрған кезде және ауа райы қолайсыз болған жағдайда еш уақытта тауға шықпау керек. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Новые статьи

В Казахстане презентовали экипировку национальной сборной к Зимним Олимпийским играм-2026

В Министерстве туризма и спорта Республики Казахстан представили комплект экипировки национальной сборной для участия в XXV Зимних Олимпийских играх, которые пройдут в феврале 2026...

Тарифы на электроэнергию в 2026 году сохранили на уровне 2025 года

Министерством энергетики принят приказ (https://prg.kz/lawyer/document/?doc_id=34026622), которым утверждаются тарифы на период с 2026 по 2032 годы без изменений. Тарифы составляют, к примеру: Экибастузская ГРЭС-1 имени Б.Нуржанова –...

Өскеменде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Қала тұрғыны Ринат Ахметов бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен. Белгілі болғандай, ол жұмыс орнынан шығып, сол күйі үйіне қайтып оралмаған. Азаматтың туыстары өз...

Минторговли повторно проводит акцию «Береке Fest» в преддверии Нового года

Министерство торговли и интеграции РК повторно проводит республиканскую акцию «Береке Fest» в период с 23 по 31 декабря. В акции принимают участие порядка 80...