Шығыс Қазақстанға келетін туристер саны 9,4%-ға артты

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысы өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында атқарылған шаралар жайлы сөз етілді.

ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқыту мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 2025 жылы 7%-ға өсті. Сондай-ақ жаңартылатын энергетика, пилотсыз авиациялық жүйелер, әуе тасымалдарын ұйымдастыру, логистика, су көлігін пайдалану сынды жаңа мамандықтар ашылды. «Жас маман» жобасы аясында энергетика, металлургия, құрылыс және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша 4 Құзыреттілік орталығы заманауи жабдықтармен және жаңа зертханалармен қамтамасыз етілді.

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсел Түлепова жыл басынан бері 987 жұмыс беруші мен 4 мыңнан астам азаматтың қатысуымен 121 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілгенін мәлім етті.

— Жәрмеңкелердің қорытындысы бойынша 532 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, ал 700-ге жуық азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Қараша айында «Өскемен әуежайы» АҚ базасында сұранысқа ие 14 мамандық бойынша оқыту басталды. Оған Зайсан және Катонқарағай аудандарынан 45 жұмыссыз адам жіберілді. Олар сол аудандарда салынып жатқан әуежайларға жұмысқа жіберіледі, — деді ол.

Облыс әкімі студенттердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 90 пайыздан асуы керектігін, «Өскемен әуежайы» АҚ базасында білім алып жатқан азаматтардың Зайсан мен Катонқарағайдағы әуежайлар іске қосылғанда жұмысқа қабылдануға дайын болуы қажеттігін айтты.

Сондай-ақ отырыста туризм саласы да талқыланды.

— Осы жылдың 3 тоқсанындағы деректер бойынша өңірге келген туристер саны 365,5 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,4%-ға артты. Облыста туристік саланы дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру мақсатында жеке инвестициялық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, Алтай қаласында «Dostyk» қонақүй-мейрамхана кешенінің құрылысы аяқталып, Катонқарағай ауылында «Баян» қонақүйі қайта жаңғыртылды, — деді ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде туризм саласын дамыту үшін ең әуелі туристік инфрақұрылымды жақсарту қажеттігін айтып, нақты тапсырмаларды жүктеді.

Новые статьи

В приложении eGov Business запустили онлайн-сервис по закрытию ИП

В Казахстане в приложении eGov Business появилась новая услуга по прекращению деятельности индивидуальных предпринимателей. Теперь подать заявление на закрытие ИП можно полностью онлайн, без...

Президенты Казахстана и России дали старт строительству школы «Сириус» в Астане

Церемония закладки капсулы Международной образовательной инфраструктуры «Казахстан – Сириус» состоялась в онлайн-формате с участием Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева и Президента России Владимира Путина. Символическую капсулу...

В области Абай предупредили об ответственности за поджог тополиного пуха

В департаменте полиции области Абай предупредили жителей об опасности поджога тополиного пуха и напомнили об ответственности за такие действия. С наступлением сезона в регионе участились...

Президентам Казахстана и России представили проект по реинтродукции амурских тигров  

Касым-Жомарту Токаеву и Владимиру Путину продемонстрировали видеоролик, в котором четыре амурских тигра были выпущены на территории государственного природного резервата «Иле-Балхаш». Тигры были выпущены в природную...