Шығыс Қазақстанда қаңтарда ауа райы қандай болады?

Қаңтардың алғашқы онкүндігінде аяз біртіндеп күшейе бастайды. Түнде облыс аумағында ауа температурасы –21…–26 градустан –26…–31 градусқа дейін төмендейді, ал шығыс жақтағы аудандарда –36 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Күндіз –11…–16-дан –16…–21 градусқа дейін суытады.

Онкүндіктің соңына қарай суық біршама бәсеңдеп, түнде –13…–18, күндіз шамамен –3…–8 градус болады деп болжанып отыр.

Екінші онкүндікте қыс қайта күшіне мінеді. Түнде Шығыс Қазақстанда ауа температурасы –23…–28 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде –31…–36 градусқа жетеді, күндіз –13…–18 градус шамасында болады. Дәл осы кезеңде синоптиктер жиі қар жауып, боран соғады деп болжап отыр. Бұл жол қозғалысына айтарлықтай қиындатуы мүмкін.

— Екінші онкүндікте ауа райы тұрақсыз болып, қалың қар жауып, боран жиілейді. Жүргізушілер мен өңір тұрғындары жолдың дұрыс көрінбеу мүмкіндігін және жолдағы қар үйінділерін ескергені жөн, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалынан.

Үшінші онкүндік айдағы ең суық кезең болмақ. Түнде ауа температурасы –23…–28-ден –33…–38 градусқа дейін төмендеп, облыстың шығысында –41 градусқа дейін жетуі ықтимал. Күндіз –13…–18-ден –23…–28 градусқа дейін, кей жерлерде –33 градусқа дейін аяз сақталады.
Синоптиктердің мәліметінше, қаңтар айы жалпы алғанда суық әрі қарлы болады. Шығыс Қазақстан тұрғындарына сапарларын алдын ала жоспарлап, күрделі ауа райы жағдайларына дайын болу ұсынылады.

Новые статьи

В Казахстане число вакансий на предприятиях за год снизилось на 9,2 процента

На конец второго квартала 2026 года на предприятиях Казахстана насчитывалось около 56,6 тыс. вакантных рабочих мест. Это на 9,2% меньше, чем в июне 2025...

Генконсульство России в Усть-Каменогорске выразило соболезнования семьям погибших воен

Генеральное консульство России в Усть-Каменогорске выразило соболезнования родным и близким военнослужащих, погибших во время учений Военно-морских сил Казахстана в Мангистауской области. В дипломатическом представительстве отметили...

В Казахстане изменили правила ведения реестра независимых медико-социальных экспертов

В Казахстане обновили порядок включения специалистов в реестр независимых экспертов медико-социальной экспертизы. Новые правила предусматривают подачу заявления через портал социальных услуг и обязательное тестирование...

В ВКО на выходных ожидаются заморозки до трех градусов

Резкое похолодание прогнозируют в Восточно-Казахстанской области в ближайшие дни. Температура воздуха в регионе ночью может опускаться ниже нуля. По данным РГП «Казгидромет», погоду на большей...