ШҚО-да Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалар табысталды

Облыс орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Соның барысында өңірдің бірқатар тұрғындары мемлекеттік наградалармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

— Шығыс Қазақстанның жетістіктері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалардың және шығысқазақстандықтардың күн сайынғы тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Ұлы Абайдың “Түбінде баянды еңбек – егін салған” деп айтқаны бар. Бұл сөз бүгінгі таңда ерекше мәнге иә, – деді облыс әкімі.

Марапатталғандардың қатарында өңірдің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген әртүрлі сала өкілдері бар. Атап айтқанда, Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Ринат Жылқышинов, жеке кәсіпкер Бақытжан Кудышева, Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентіндегі «Тепловодоцентраль» КМК-ның 3-разрядты күл шығарушысы Наталья Гохколенко және қоғам қайраткері, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Совет Иманғалиев.
Жиын соңында Нұрымбет Сақтағанов марапат иелеріне адал еңбектері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдіріп, амандық пен жаңа жетістіктер тіледі.

Новые статьи

ШҚО-да биыл 600 келіден астам есірткінің айналымға түсуіне жол берілмеді

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымға түсуге арналған 600 келіден астам есірткіні тәркіледі. Бұл тұтынушыларға жетуі мүмкін миллионға жуық бір реттік...

В Казахстане изменили правила расчета эффективной ставки по кредитам

С 30 ноября 2026 года банки и микрофинансовые организации будут применять обновленные правила расчета годовой эффективной ставки вознаграждения (ГЭСВ) по займам и микрокредитам. Новые...

Казахстан представил в ИКАО инициативы по подготовке кадров и развитию авиации

Казахстан поделился опытом подготовки новых специалистов, привлечения молодежи и расширения возможностей женщин в гражданской авиации на Второй встрече глобальных послов и лидеров инициатив Международной...

Делегация ВКО участвует в III Форуме работников сельского хозяйства в Астане

Представители Восточно-Казахстанской области принимают участие в III Форуме работников сельского хозяйства, который проходит в Астане. Регион представляет свои достижения и потенциал агропромышленного комплекса на...