back to top

Самар ауданындағы 18 мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді

Бүгінде аудан халқының 93,5%-ы интернетпен қамтылған. Ал 752 адам тұратын 6 елді мекенде байланыстың болмауына немесе сапасыздығына қатысты арыз-шағымдар түсіп жатыр.

«Палатцы ауылында бюджет қаражаты есебінен антенна-мачталық діңгек құрылысы аяқталды. Раздольное ауылында «Кар-Тел» ЖШС операторының базалық станциясын орнату жоспарланып отыр. Қалған 4 ауылда жұмыс «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторларымен бірлесе отырып кезең-кезеңімен жүргізіледі», — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан тұрғындарымен кездесу барысында.

Осы ретте, әрбір нақты аумақтың ерекшеліктеріне және қолжетімді технологияларға қарай ауылдарды интернетке қосудың балама нұсқалары қаралып жатыр. Аудандағы 18 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін «Starlink» жиынтығы орнатылған.

Самарда тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша көпбалалы және әлеуметтік тұрғыда осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Самар ауылында 3 бірқабатты үй және көпқабатты үйлерден 38 пәтер сатып алынды. Осы жылы 14 бірқабатты тұрғын үй құрылысын аяқтап, көпқабатты үйлерден 16 пәтер сатып алу жоспарланған.

Сондай-ақ медицина саласының мамандарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Самар ауылындағы көпқабатты тұрғын үй кешеніне (8 пәтер) ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 50 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Новые статьи

Туризм құжаттарға «тірелді»: ШҚО-да 100-ден астам бас жоспар шұғыл қайта қаралып жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы туристік жерлерді дамыту көбіне табиғатқа немесе инфрақұрылымға емес, құрылысқа қатысты құжаттарға байланысты болып отыр. Өңірде елді мекендердің бас жоспарларын ауқымды түрде түзету...

ШҚО-дағы Үбі өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені аясындағы мұз жару жұмыстарына құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері тартылды. -...

В ВКО стартует праздничная акция «Nauryz Sale»

С 13 по 23 марта в Казахстане пройдет республиканская акция «Nauryz Sale», приуроченная к празднованию Наурыз. В торговых сетях покупателям предложат скидки на продовольственные...

В Риддере пройдет юношеский чемпионат РК по биатлону

С 11 по 18 марта на базе КГУ «ОСШИКОР, г. Риддер» пройдет юношеский чемпионат Республики Казахстан по биатлону. Соревнования собрали сильнейших молодых атлетов страны...