back to top

ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауданы тұрғындарымен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. Аудан бойынша биыл онкологиялық аурушаңдық 26%-дан астам төмендеп отыр. Дегенмен, сәби өлімі тіркелген. Осыған байланысты облыс әкімі ШҚО денсаулық сақтау басқармасына және аудан әкімдігіне сырқаттанғандар мен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған нақты шаралар әзірлеуді, медициналық кадрларды тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.

Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында ауданда балаларға арналған оңалту орталығы ашылады. Бұған дейін Үлкен Нарын тұрғындары осындай орталықтың қажеттілігі жөнінде облыс басшылығына өтініш жолдаған болатын. «Қамқорлық» қорының қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ауданаралық оңалту орталығын іске қосу жоспарланып отыр. Ол Күршім, Алтай және Катонқарағай аудандарының тұрғындарын да қамтитын болады.

Қызметтің ыңғайлы ұйымдастырылуы үшін аудандық аурухананың жалпы аумағы шамамен 1,5 мың шаршы метр болатын екі қабаты орталыққа бейімделіп жатыр. Ғимарат ауданның коммуналдық меншігіне өткеннен кейін жөндеу жұмыстары бюджет есебінен жүргізіледі.

— Аудан дамуындағы оң динамиканы атап өттім. Алайда кей бағыттарда жұмыс қарқынын күшейту қажет. Нақты айтқанда, тартылған инвестиция көлемін көбейтіп, өнеркәсіпті дамытып, медициналық қызмет сапасын жақсарту керек. Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер назарға алынды. Жергілікті тұрғындардың пікірін ескере отырып, оларды кезең-кезеңімен шешетін боламыз, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

В ВКО стартует праздничная акция «Nauryz Sale»

С 13 по 23 марта в Казахстане пройдет республиканская акция «Nauryz Sale», приуроченная к празднованию Наурыз. В торговых сетях покупателям предложат скидки на продовольственные...

В Риддере пройдет юношеский чемпионат РК по биатлону

С 11 по 18 марта на базе КГУ «ОСШИКОР, г. Риддер» пройдет юношеский чемпионат Республики Казахстан по биатлону. Соревнования собрали сильнейших молодых атлетов страны...

В Восточном Казахстане для подготовки к паводкам задействовали более 3600 спасателей и сотни единиц техники

В Восточно-Казахстанской области усилили подготовку к весеннему паводковому периоду и одновременно приняли дополнительные меры по обеспечению пожарной безопасности. Эти вопросы были рассмотрены на совещании...

МВД: Владельцам возвращено около 500 голов сельскохозяйственных животных

Министерством внутренних дел в целях обеспечения общественной безопасности и защиты имущества граждан с 3 по 5 марта проведено широкомасштабное оперативно-профилактическое мероприятие "Скотокрад". За три дня...