Күршім ауданында 52 жастағы тұрғынына малды қараусыз жайғаны үшін жауапқа тарту мақсатында келген учаскелік полиция инспекторы оның есірткі қолданып отырғанын көрген.
— Кейіннен жүргізілген тінту барысында полицейлер өткір иісі бар, қоңыр түсті ұсақталған өсімдік тектес затты тәркілеген. Сараптама оның жалпы салмағы 2 келіден асатын кептірілген марихуана екенін растады, — деп хабарлады ШҚО ПД.
Ер адам есірткіні жеке мақсатта пайдалану үшін жинап, сақтағанын түсіндірген. Есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
