back to top

ШҚО-да бірнеше айға созылған талқылаулардан кейін мектеп асханаларының мәзірі бекітілді

Кәсіпкерлер, ата-аналар және мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде құжат ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен бекітілді.
Жаңа мәзірді әзірлеу жұмыстары осы жаздан бері жүргізіліп келеді. Ата-аналар комитеттері мен кәсіпкерлер бұрынғы нұсқалардың кемшіліктерін айтып, мәзірді жаңартылған санитарлық талаптарға сәйкестендіруді сұраған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ең күрделі мәселе — тұз, қант, сүт өнімдеріне қойылған жаңа нормаларды сақтау және маусымдық тамақтануды дұрыс теңестіру болған.

– Жаңа мәзір ҚР Денсаулық сақтау министрінің № ДСМ-302/2020 бұйрығындағы талаптарға толық сәйкес келеді. Онда ет, балық, көкөніс және сүт тағамдарының берілу жиілігі, жаңа жемістер мен көкөністер нормасы сақталған. Біз тағам мен сусын түрлерін балаларға пайдалы етуге қол жеткіздік. Мысалы, какаоны шаймен алмастыру сияқты түзетулер тағамның құнарлылығына әсер етпей, нормаларға сай келеді, — дейді басқарма мамандары.

Түскі ас энергетикалық құндылығы баланың жасына қарай тәуліктік қажеттіліктің 25-30%-ын жабатындай есептелген. Тұз бен қант мөлшері жаңа мектептің тамақтандыру стандартына толық сәйкестендірілген.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Айжан Жәңгірханованың айтуынша, ортақ шешімге келу барлық тараптардың бірлескен жұмысы арқылы мүмкін болды.

– Біз ондаған талқылау өткіздік. Ата-аналар мен бизнес өкілдерінің пікірлері әрдайым сәйкес келе бермеді. Бірақ бәрінің талаптарын ескеретін ортақ құжат әзірлей алдық, — дейді ол.

Кәсіпкерлердің тамақтандыру ассоциациясының төрағасы Марина Лаптева да мәзірдің бекітілуі мектеп асханаларының жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Бұрын талаптар өзгерген сайын технологиялық карталарды жиі түзетуге тура келетін. Енді қолымызда нақты, бекітілген құжат бар. Бұл сатып алуды жоспарлауға және балаларды толыққанды тамақпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды, — дейді Марина Лаптева.

Новые статьи

Цифровое мошенничество приобрело масштабы эпидемии: ежедневно тысячи людей теряют деньги из-за действий киберпреступников

Только в 2025 году в Восточном Казахстане выявлено более 700 случаев интернет-мошенничества. В современном цифровом мире права граждан должны защищаться реально и эффективно. И в проекте...

Спортсмен из ВКО стал чемпионом мира по армрестлингу

Спортсмен из Восточно-Казахстанской области Бекжан Рамиянов завоевал золотую медаль чемпионата мира по армрестлингу среди взрослых, который прошел в Ташкенте. 23-летний спортсмен родом из села Акжар...

Число аварийных домов в Казахстане выросло до 2,6 тысячи

Проблема аварийного жилья в Казахстане продолжает обостряться. По итогам 2025 года количество домов, признанных аварийными, увеличилось на 7% и достигло 2,6 тысячи. Одновременно выросла...

Казахстан и Иордания укрепляют сотрудничество в сфере науки и высшего образования

Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек провел встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Иорданского Хашимитского Королевства в РК Хамза Аль-Омари. В ходе встречи...