back to top

Нұрымбет Сақтағанов: Кеше болған жағдай – біздің жемқорлыққа қарсы ұстанымымыздың дәлелі

Бүгін облыстық мәслихаттың жиырма алтыншы сессиясына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл маңызына тоқталды.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «ЗАҢ мен ТӘРТІП – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деп әрдайым айтып келеді. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігінің, еліміздің даму бағытының негізі. Осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біз сіздермен бірге әрбір бастамамызда заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға міндеттіміз. Кез келген фактілерді мұқият қарап, құзырлы органдарға жолдайтын боламыз. Кеше болған жағдай – біздің жемқорлыққа қарсы ұстанымымыздың дәлелі, — деді аймақ басшысы.

Еске салсақ, кеше ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінен кеткені хабарланған. Шнайдер көпіріндегі апаттан кейін аймақ басшысының протоколдық тапсырмасымен құқық қорғау органдарының қатысуымен көлік саласына кешенді тексеріс жүргізілді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Д.Уахитовтың заңға қайшы әрекеттері анықталған.

Новые статьи

Туристическое сообщество Восточного Казахстана поддержало конституционную реформу и участие в референдуме  

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д. Серикбаева состоялся круглый стол с представителями туристической сферы области в рамках поездки членов Общенациональной коалиции...

МВД РК опровергло фейк о «беженцах из Сирии и Афганистана», распространяемый в мессенджерах

Министерство внутренних дел Казахстана опровергло распространяемое в социальных сетях и мессенджерах «срочное объявление», в котором говорится о якобы прибывших беженцах из Сирии и Афганистана. В...

Правительство Казахстана и Азиатский банк развития намерены реализовать 15 новых проектов на $5,5 млрд

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов и президент Азиатского банка развития (АБР) Масато Канда обсудили вопросы развития инвестиционного сотрудничества и финансирования инфраструктурных и социально значимых...

Шығыс Қазақстандағы екі айдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиналыста 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыға салынған жиналыс өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов,...