Оқиға 9 желтоқсан күні Өскемен қаласының 28-ықшамауданында болды. Электр желісінің істен шығуы салдарынан жер үйдегі пеш қызып, жарылған.
— Қала әкімі Алмат Акышов сол жерге барып, тиісті тапсырмалар берді. Зардап шеккен отбасыға мемлекет тарапынан уақытша тұрғын үй ұсынылады. Ал ықшамауданның электр желісіндегі мәселе 10 күн ішінде толық шешілетін болады, — деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта жарылыс кезінде үйде болған адамдар медициналық тексеруден өтіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, адам өміріне қауіп төндіретін зақым алғандар жоқ.
