Өскемендегі Аблакетка шағын ауданындағы Геологиялық көшесінде боран мен қатты көктайғақтан төменге түсіп келе жатқан көліктер мен автобус соқтығысқан.
Қала тұрғындарының айтуынша, мұндай ауа райында бұл жол учаскесінен өту қиын. Сондықтан дер кезінде құм мен тұз қоспасын себу қажеттілігі жиі айтылады.
— Қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда. Қолайсыз ауа райында жылдамдықты төмендетіп, көліктер арасындағы қашықтықты сақтау қажет, — деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасынан.
Айта кетейік, қалада қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тұрғындар «Таза Өскемен» диспетчерлік қызметіне 8 (7232) 53-25-77, 8-777-331-85-36 байланыс нөмірлері арқылы хабарласа алады.


