Шығыс Қазақстан облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағдарламасы аясында сиыр еті арзан бағада саудаға шығарылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен ережелерге сәйкес, өңірде сиыр етінің бағасын тұрақтандыру шаралары «Ертіс» ӘКК арқылы «айналым схемасы» бойынша жүзеге асырылуда.
Соның аясында өнімді «Украинка» шаруа қожалығы жеткізді. Әлеуметтік сиыр еті нақты белгіленген бағамен сатылады», — деп хабарлады ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасынан.
Бүгінде 1 келісі 2790 теңгеден бағаланған сиыр еті тек Өскемендегі Самар тасжолы, 5а мекенжайындағы «ALLmart» фирмалық дүкенінде ұсынылып отыр.
— Келесі аптадан бастап сауда нүктелерінің санын арттыру жоспарланып отыр. Қосымша өнім Кабанбай батыр көшесі, 124/1 мекенжайындағы «ALLmart» дүкеніне де жеткізілетін болады, — делінген ақпаратта.

