в

Шемонаихада 8 білім ордасы жөнделді

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өткен жылы Шемонаиха қаласында 300 орындық жаңа мектеп салынып, 14 нысанға жөндеу жүргізіліп, 2 мектепке физика және химия кабинеттері сатып алынған болатын. Биыл ауданда 8 білім ордасы жөндеуден өтті. Сондай-ақ 5 мектепке 7 оқу кабинеті сатып алынды. Бұл туралы аудан жұртшылығымен кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

Медицина саласында да оң өзгерістер бар. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Волчанка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын. Ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық техникамен жабдықталуы 89,3%-ды құрайды.

Осы жылдың басынан бері Шемонаихада қатерлі ісікке шалдыққандар 12,8%-ға, қант диабеті 33,2%-ға төмендеді. Нәресте мен ана өлімі тіркелген жоқ.

«Халық Шемонаиха аудандық ауруханасында жұқпалы аурулар бөлімшесі ғимараты мен дәрігерлік амбулатория салу қажеттігін айтып жатыр.
Осы мәселені шешу мақсатында KAZ Minerals компаниясы Шемонаиха қаласында дәрігерлік амбулатория мен аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесі үшін жеке корпус салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде. Нысандар 2026 жылы салынады. Сонымен қатар аудандық аурухана ғимаратын қайта жаңғырту бойынша қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Қаржыландыру мәселесі мемлекеттік сараптама нәтижесі алынғаннан кейін қаралады», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Шемонаиха қаласындағы екі ықшамауданда су құбыры желілері қайта жаңғыртылды

В Шемонаихинском районе откроется новый пожарный пост