в

ШҚО-да биыл 300 шақырымнан астам республикалық маңызы бар жол жөнделді

Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылы көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқын алды. Өңірде республикалық маңызы бар жолдардың шамамен 300 шақырымы жөнделіп, қайта жаңғыртылды. Бұл соңғы жылдардағы ең ауқымды көрсеткіштердің бірі.

Бұрын жол қатынасын қиындатқан, ұзаққа созылған бірқатар жобалар аяқталды.
Алда бұдан да ауқымды міндеттер тұр. Солардың бірі — Осинов асуын айналып өтетін жол құрылысы. Онда Қазақстандағы ең биік таулы көпір салынып жатыр. Жоба техникалық жағынан аса дәлдік пен күрделі инженерлік шешімдерді талап етеді.

Сондай-ақ Катонқарағай бағытындағы жолдарға ерекше назар аударылып отыр. 2026 жылы елдегі ең танымал туристік орындардың бірі — Рахман қайнары шипажайына апаратын жолды асфальттау жұмыстарын толық аяқтау жоспарланған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» ШҚО филиалы директорының орынбасары Әділет Жампейісовтің айтуынша, басты қиындық — үлкен еңістерде асфальтбетон төсеу. Мұндай жағдайда арнайы техниканың сырғып кету қаупі жоғары. Сондықтан мердігер ұйымдар қауіпсіздікті күшейту мақсатында қосымша шараларды қолданып жатыр.

В Казахстане стартовал международный проект по развитию интенсивного садоводства