в

ШҚО-да 96 жастағы кейуананы тонамақ болған ер адам ұсталды

Источник фото: МВД РК

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жалғыз тұратын әженің үйіне белгісіз адам баса-көктеп кіріп, ақша талап еткен. Бұл туралы «102» жедел арнасына қонырау шалған оның көршісі хабар берді.
Белгілі болғандай, пәтерлердің бірінде айғай-шу болып жатқанын естіген азамат бұл туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу келіп жеткен.
— Тексеру барысында ер адамның терезе арқылы қарт әйелдің үйіне кіріп, күш көрсету арқылы ақша талап еткені анықталды. Одан кейін үй ішінен бағалы заттарды іздей бастаған сәтте көршілердің дауысын естіп, сол жерден қашып кеткен. Полицейлер жүргізген жедел шаралардың нәтижесінде Шемонаиха ауданының 43 жастағы ұсталды. Ол бұрын сотты болған, — делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

В Министерстве транспорта состоялась встреча с делегацией Европейского инвестиционного банка