back to top

ШҚО-да жыл соңына дейін 27 ауылға интернет тартылады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиында 2025 жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізу барысы, өңірдің геология саласы мен жер қойнауын пайдалану және «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының орындалу барысы қаралды.

Баяндама жасаған ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Каджибекова биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 616,9 мың гектарды құрағанын айтты. Бүгінде егін жинау жұмыстары толықтай аяқталған. Дәнді дақылдар 235,7 мың гектар, майлы дақылдар 259,5 мың гектар, жемшөп дақылдары 108,1 мың гектар алқапта жиналды.

Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Аңсаттың айтуынша, Шығыс Қазақстанда түрлі санаттағы 250-ден астам кен орны бар. Оның ішіндегі 25-і алтын кен орны. Осы жылдың III тоқсанының деректері бойынша ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға құны 552,9 млрд теңге болатын тау-кен өндіру саласындағы 6 жоба енгізілді. Бұл жобалар аясында 1,6 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Ірі тау-кен металлургия кәсіпорындарының қызметіне экологиялық бақылау күшейтіліп келеді. Сонымен қатар пайдалы қазбалардың заңсыз өндірілуінің алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр.

ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арнұр Cапарғалиев өз сөзінде 2025 жылдың қаңтар айы мен 20 қараша аралығында облыстағы 28 елді мекен интернетке қосылғанын жеткізді. Жыл соңына дейін тағы 27 ауылға интернет тарту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде халықты тұрақты интернетпен қамту деңгейі шамамен 99%-ды құрайды.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстарын күшейтуді және геологиялық барлау саласына жеке инвестициялар тартуды тапсырды. Сондай-ақ шалғайдағы елді мекендер мен туристік орындарға қосымша Starlink спутниктік терминалдарын орнату және қосу мүмкіндіктерін пысықтау қажеттігін айтты.

Новые статьи

Казахстан подтвердил приверженность достижению целей устойчивого развития

В Министерстве иностранных дел Республики Казахстан состоялось заседание Руководящего комитета Рамочной программы сотрудничества в области устойчивого развития между Правительством Республики Казахстан и Организацией Объединенных...

Дороги ВКО этой зимой закрывали почти 100 раз из-за буранов и морозов

Эта зима стала одной из самых сложных для дорожных служб Восточно-Казахстанской области за последние десятилетия. Резкие перепады температур, сильные бураны и морозы до –50...

ШҚО-да қыстың боранды күндерінде жолшылар 30 мыңнан астам көлікті колоннамен алып жүрді

Өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарының алғашқы қорытындылары шығарылды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, қыс мезгілінде республикалық жолдарда...

Центральный пляж Усть-Каменогорска сделают безопаснее после трагедии

В Усть-Каменогорске в этом году проведут комплексное благоустройство парка Самал и центрального пляжа. Особое внимание уделят вопросам безопасности отдыхающих. Парк Самал является одной из самых...