Баланың ата-анасы дабылды 20 қараша кешкісін қаққан.
— Оқиға шамамен 20:30 кезінде болған, — деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. — Әскери қызметкерлер бірден іздестіру жұмыстарын қолға алып, бірнеше аумақты мұқият тексерді. Нәтижесінде бала Гагарин бульварынан табылды. Ол қатты қорқып қалған».
Белгілі болғандай, бала адасып қалып, өз үйінің нақты мекенжайын есіне түсіре алмаған. Қазір ол ата-анасының жанында.

