в

ШҚО-да оқушылар арасында маусымдық инфекция жұқтырғандар саны көбейіп келеді

Источник фото: министерство просвещения РК

ШҚО білім басқармасының мәліметінше, өңірдегі 107 мектептің 1 504 сыныбындағы 27 610 оқушы онлайн оқыту форматына көшірілген. Мұндай шешім сыныптағы оқушылардың 30%-дан астамы сырқаттанып қалуына байланысты қабылданған.

Қашықтан оқыту форматы Өскеменнің 46 мектебінде және бірнеше ауданның білім ордаларында енгізілген. Атап айтқанда:
• Күршім ауданындағы үш мектепте;
• Ұлан ауданындағы тоғыз мектепте;
• Үлкен Нарын ауданындағы бір мектепте;
• Алтай ауданындағы сегіз мектепте;
• Зайсан ауданындағы бір мектепте;
• Катонқарағай ауданындағы бір мектепте;
• Самар ауданындағы бес мектепте;
• Тарбағатай ауданындағы тоғыз мектепте және облыстық төрт мектепте.

— Мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы шешім нақты жағдайға қарай қабылданады. Яғни, тек сырқаттанғандар үлесі 30%-дан асқан сыныптар ғана қашықтан оқуға көшіріледі. Барлық мәлімет медициналық анықтамалармен расталады, — деп хабарлады басқармадан.

Холдинг «Байтерек» получил ключевую роль в реализации новой Программы макроэкономической стабилизации